Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес тәжірибесін зерделемек

АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес агенттігінің Таяу Шығыс аймағы бойынша аймақтық басқармасы директорының міндетін атқарушы Дональд Ч. кіші Барнспен кездесуі болып өтті.

Қазақстан АҚШ-тың есірткіге қарсы күрес тәжірибесін зерделемек

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесуге қатысушылар екіжақты кең спекторлы мәселелер бойынша, ең алдымен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты пікір алмасты. А. Дауылбаев мемлекеттің геосаясаттық жағдайын ескере отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органдарының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Ол осы саладағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, есірткі қылмысына қарсы шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарының өзара ықпалдастығы туралы хабардар етті. Осыған орай, ол АҚШ-тың аталмыш саладағы тәжірибесін зерделеуге, жедел ақпараттармен алмасуға, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Тараптар трансұлттық ұйымдасқан есірткі қылмысына қарсы күресте күштерді біріктірудің, есірткіні жеткізу және тасымалдау бағыттарын анықтаудағы Агенттіктің мүмкіндіктерін пайдаланудың, осындай қылмыстарды тергеудің алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін үйренудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында қаржы ағымдарын бақылау тетіктеріне, одан әрі әртүрлі экстремистік және террористік ұйымдарды қаржыландыруға бағытталатын есірткіні өткізуден заңсыз алынған пайданы анықтауға ерекше мән берілді.