20:03, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан алдағы 5 жылда шикізат экспортының көлемін арттырады
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Таяу 5 жылдың ішінде мұнай, газ, метал және астық экспортының көлемі тек қана артатын болады.

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
«Еліміздің негізгі экспорттық өнімдерінің әлемдік бағасына болжам бойынша, сонымен қатар салалық министрліктердің нақтылауынша, астық, мұнай, газ және металдық экспорттық көлемі натуралды түрде келесі жылы 96,1 млрд. доллардан 2017 жылға қарай 116,7 млрд. долларға дейін артады деп болжануда», - деді ол.
Сонымен қатар министрдің атап өутінше, экономика өсіміне орай халық кірісінің артуы импорттық тауарлардың 2013 жылы 56,3 млрд. доллардан 2017 жылға қарай 92,3 млрд. долларға дейін артуына мүмкіндік береді.