Қазақстан әлем елдері арасында ядролық қарусыздану ісі бойынша көшбасшы ұстанымын тағы дәлелдеді - В. Рогалев

әуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан әлем елдері арасында ядролық қарусыздану ісі бойынша көшбасшы ұстанымын тағы дәлелдеді.

Қазақстан әлем елдері арасында ядролық қарусыздану ісі бойынша көшбасшы ұстанымын тағы дәлелдеді - В. Рогалев

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан - бейбітшілік елі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Мәжіліс депутаты Виктор Рогалев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздіктің жаһандық саммиті адамзат дамуының жаңа дәуіріне қадам басқанын көрсетті - бұл ядролық қарудан туындайтын қауіп-қатерлерге байланысты мемлекет лидерлерінің түсіністікке қол жеткізуге ұмтылуын білдіреді. Бүгінгі күні аталмыш саммит нәтижесі туралы барлық әлемдік ақпарат агенттіктері талқылау жүргізуде. Әлемдік державалар көшбасшылары мен атақты сарапшылар Н. Назарбаевтың МАГАТЭ рөлі мен функциясын күшейту жөніндегі ұсыныстары мен бастамаларына қолдау білдіріп жатыр. Елбасының Ядролық қарусыз әлем туралы жалпыға ортақ декларациясын қабылдау туралы ұсынысы жоғары бағаланды. Шынымен де, саммит нәтижесінде барлық елдерді ядролық қарусыздануға шақыратын жаңа қадам жасалды. Осы ретте Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталуы жер шарындағы әрбір азаматқа да байланысты екендігін тағы да дәлелдеп берді», деді В. Рогалев.