16:38, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан әлемде игі бастамаларды көтеріп отырған бірегей мемлекет болып табылады - Елбасы
АНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан әлемде игі бастамаларды көтеріп отырған бірегей мемлекет болып табылады.
Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, Келісімнің және Жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Әлемде дәстүрлі түрде прогрессивті ықпалдастық бастамаларын көтеріп отырған Қазақстан бірегей мемлекет болып табылады. Осында саммиттер мен ерікті кездесулер өткізіледі»,-деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өз сөзінде бүгінде 85 пайыздан астам қазақстандықтар біздің елде азаматтардың теңдігі мен құқы қамтамасыз етілгеніне сенімді екенін айтып өтті. Ал, халықтың 75 пайызы Қазастанда түрлі этностар өзінің тілі мен мәдениетін сақтап қалуға барша жағдай жасалғанын айтып жүргенін ескеріп өтті.