Қазақстан әлемде мұнай өндірісін реттейтін ОПЕК ұйымының баламасын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК ұйымын трансформациялауды немесе әлемдегі мұнай өндірісін реттей алатын басқа ұйымды құруды ұсынды.
None
None

KAZENERGY Еуразиялық форумында сөз алған ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин жаһандану үдерістерді мен бір елдің екінші елге ықпалы негізінен мұнай арқылы жүргізіліп отырғандығын айтты.

«Қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайға орай, мұнай өндіруші елдер мен жаһандық экономика сұраныстарына сай қажетті мұнай өнімдерін жеткізуші ірі компаниялар арасында қазіргі заманғы сұхбат алаңын құру бойынша көп әңгіме жүріп жатыр. Ондай сұхбат алаңы ретіндегі жұмысты жаңғыртылған ОПЕК немесе мұнай өндіруші елдердің жаңа ұйымы атқара алар еді. Жекелеген мүдделерді алға тартуды болдырмау үшін оның қызметін БҰҰ және өзге де ірі ұйымдармен байланыстыруға болады», - деді Ұ. Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, ұйымға тәулігіне 1-1,5 млн. баррель мұнай өндіретін елдер мүшелік етеді және әлемді 80 пайыз мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі ойыншылардың басын қосатын болады.

«Ол тек менің жеке пікірім екенін айтқым келеді. Әрине, ол көп факторларға тәуелді іс, бірақ ертелі-кеш әлемдік мұнай қауымдастығының эволюциясы осындай өзара түсінісудің жолын таңдайды. Оған неғұрлым тез қол жеткізе алатын болсақ, соғұрлым әлемдік мұнай саласы тұрақтала түседі», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар