Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына еніп, Дүниежүзілік банк рейтингінде 55-орыннан 48-орынға көтерілді.
2019–2026 жылдары Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық өмірде ауқымды өзгерістер болды.
Бұл кезеңдегі басты саяси өзгерістердің бірі — 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда жаңа Конституцияның қабылдануы. Елде жүргізілген саяси реформалар экономикалық жетістіктермен де қатар жүрді.
2025 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 159,6 триллион теңгені құрап, экономика 6,5 пайызға өсті. Бұл — соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингінде 55-орыннан 48-орынға көтеріліп, экономикасы ең ірі 50 елдің қатарына енді.
Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі де көбейді. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жылдық көлемі 12,6 триллион теңгеден 23,5 триллион теңгеге жетті. Ал 2019 жылдан 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін елге құйылған тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі 162 миллиард доллардан асты.
Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру бағдарламасы бойынша экономиканың жыл сайын кемінде 5 пайызға өсуін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Сонымен қатар 2028 жылға қарай инфляция деңгейін 5–7 пайызға дейін төмендету жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстан экономикасы 5%-ға жуық өсетіні хабарланды