Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарына кіруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарына кіруі мүмкін. бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, компания мұнай саласында озық технологияларды белсенді түрде қолданып, көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуге септігін тигізетін шараларды дәйекті түрде қабылдап жатыр.

«2000 жылдан бері компания ауаға таралатын шығарындылардың көлемін 75 пайызға азайтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуға тиіс. Теңіз кен орнындағы өндірісті ауқымды түрде кеңейту жобаларының жүзеге асырылуы аяқталып келеді. Бұл елімізге мұнай өндірісінің көлемін тағы да 12 миллион тоннаға арттырып, әлемдегі ең ірі мұнай жеткізуші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік береді», – деді Президент.


Соңғы жаңалықтар