Қазақстан әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында болады - А.Кудайкулов

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда қазақстандықтар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде.

Қазақстан әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында болады - А.Кудайкулов

Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясынан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Акабай Кудайкулов білдірді.

Оның атап өтуінше,  «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру» тақырыбымен өткен Ассамблея сессиясының басты міндеті алдағы онжылдықтағы оның қызметінің негізгі бағыттарын айқындау болды.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде біздің одан әрі жылжуымыз тиісті бағытты нақты айқындап берді. Қазіргі таңда барша қазақстандықтар бір үлкен шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Бұл біздің зор табысымыз әрі оны көздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың парызымыз. Жалпы біз ҚХА-ның бағдарламаларының орындалатындығына шәк келтірмейміз және де біздің еліміз әлемдегі көшбасшы елдердің қатарында болады», - дейді ол.