«Қазақстан әлемдік қауымдастықта» атты Алматы студенттері арасында өткізілген публицистикалық байқауда С. Ақылбекқызы бірінші орынды жеңіп алды

АТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Салтанат Ақылбекқызы «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» атты Алматы студенттері арасында өткізілген публицистикалық байқауда бірінші орынды жеңіп алды.

 «Қазақстан әлемдік қауымдастықта» атты Алматы студенттері арасында өткізілген  публицистикалық байқауда С. Ақылбекқызы бірінші орынды жеңіп алды

Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы студенттері арасында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі аясында аталған байқауды ұйымдастырған болатын.

Байқау қорытындысы бойынша Салтанат Ақылбекқызы бірінші орынды, Маржан Сағымбаева екінші және Ерболат Мамырайхан үшінші орынға ие болды.

Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Бахтияр Мәкеннің айтуынша, публицистикалық жұмыстар байқауын ұйымдастырудағы мақсат - жастардың шығармашылық тұрғыдан дамуына жағдай жасау және азаматтық ұстанымы қалыптасқан студенттерді айқындап, жігерлендіру. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің еліміз үшін маңыздылығы мен рөлін жастарға кеңінен түсіндіріп, насихаттау.