Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді - Ұ.Қарабалин

«Қазақстан әлемнің 30 еліне мұнай жөнелтеді. 2013 жылғы мәліметтер бойынша экспорттың ең мол көлемі Италияға - 27, Қытайға- 17, Нидерландыға - 13, Францияға - 9, Австрияға 7 пайыз жіберілді», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, өткен жылы мұнай тасымалдау Каспий құбыр консорциумы бойынша 28,7 млн. тоннаны, Атырау-Самара бағытында 15,4 млн. тоннаны, Атасу-Алашаңқай бағытында 11,8 млн. тоннаны құрады, Ақтау порты арқылы 6,3 млн.тонна мұнай тасымалданды. Орынбор газ өндіру зауытына 856 мың тонна газ конденсаты жонелтілді. Тағы 9 млн. тонна темір жолмен жіберілді. «Өткен жылғы маңызды оқиғалардың бірі Атасу-Алашаңқай бағытын жиырма млн. тоннаға дейін кеңейту болды. Ол учаскенің экспорттық қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ұ.Қарабалин.

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады
Ұқсас жаңалықтар

Жапония премьер-министрі Конституцияға өзгерістер енгізу ниетін растады