Қазақстан әлемнің ең тұрақты 20 мемлекетінің қатарына енді

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - KPMG (аудиторлық, салықтық және консультациялық қызмет көрсететін фирмалардың ғаламдық желісі) дүние жүзі елдерінің өзгеріске тұрақтылығы индексін жариялады. Тізім Сингапурмен басталып, Ауғанстанмен аяқталады. Қазақстан онда Панама және Испанияның аралығынан орын теуіп, АҚШ, Ұлыбритания және басқа дамыған елдердің қатарында 20-орынды алған.

Қазақстан әлемнің ең тұрақты 20 мемлекетінің қатарына енді

KPMG бұл зерттеуді екінші рет өткізіп отыр және өткен жылы Қазақстан барынша жоғары орында тұрған, ол кезде тізімде 30 ел болған еді, ал осы жылы 90 ел қатысып отыр. Oxford Economics-пен бірлесе жасалған тұрақтылық индексінің жаңа нұсқасында елдердің аяқ астынан тап болған апатты жағдайларға, технологиялардың, демографияның, жаһандық бәсекеге қабілеттілік пен инвестиция ағынының төмендеуі сияқты ұзақ уақыттық тенденцияларға бейімделу қабілеті талданды.

Қазақстан фискальді, бюджеттік, сауда саясаты, экономикалық ашықтық, экономикалық инфрақұрылым көрсеткіштері бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. Алайда қоғамдық бақылау, мемлекет пен бизнестік ара-қатынас бойынша көрсеткіші төмен.

Қазақстанның 20 ең тұрақты елдердің қатарына енген ТМД-ның жалғыз мемлекеті екені есте қаларлық оқиға, мысалы, Ресей тек 62-орынды иеленді. Ал барлық посткеңестік мемлекеттер арасынан Қазақстан Литвамен ғана көршілес болып тұр.