19:39, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан әлеуметтік жаңғыртуға 2013 жылы 379,4 млрд. теңге бөледі - С.Ахметов
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан әлеуметтік жаңғыртуға 2013 жылы 379,4 млрд. теңге бөледі. Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Оның атап өтуінше, бүгінде білім, ғылым және инновацияға бағытталған, әлемдік деңгейдегі түбегейлі жаңа жоба - Назарбаев университеті сәтті даму үстінде. Алдағы осы уақытта осы модельді еліміздің бүкіл жоғары білім беру жүйесін енгізу әрі тарату міндеті қойылған.
«Толықтай алғанда Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2013 жылы 379,4 млрд. теңге қарастырылған», - деді Үкімет басшысы.