Қазақстан әлі де кемінде 50 жыл мұнай өндіреді

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан әлі де кемінде 50 жыл мұнай өндіреді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Қазақстан әлі де кемінде 50 жыл мұнай өндіреді

«Қазақстан қорлар бойынша әлемнің алғашқы 10 елінің қатарында тұр. Бұл мұнайды кем дегенде 50 жыл бойы өндіруге мүмкіндік беріп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, Қазақстанның жаңа қорларды табуда және ел аумағындағы ішкі мұнай өнімдерін нарығын өз ресурстарымызбен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Ұ.Қарабалин қазақстандық саланы әлсірететін кейбір жайттардың бар екендігін жасырмады. «Олардың арасында мұнайдың жоғары өзіндік құны мен ерекшелігі, жоғары көліктік құрамдасы, шикізат базасының орнын толтыру жөніндегі жұмыстарды жандандырудың шұғыл қажеттігі, мұнайды сыртқа шығарудың жоғары тартымдылығы сынды жайттар бар», - деді ол.