Қазақстан АӨСШК процесін арықарай ілгерілетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан АӨСШК процесін одан ары ілгерілетеді. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кеңестің төрағасы ретінде АӨСШК процесін одан әрі ілгерілету бойынша күш-жігерді арттыруға ниетті. Мүше мемлекеттердің қолдауының арқасында бұл айтарлықтай нәтиже берді. Өткен жылғы АӨСШК сенім шараларының каталогы қайта қаралды», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің дерегінше, сенім шараларының каталогына эпидемиологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қауіпсіздігі сияқты ынтымақтастықтың жаңа басым бағыттары енгізілген.

«Біз кеңесші орган – АӨСШК данышпандар кеңесін құрдық. Оның құрамына біздің бірлескен күш-жігерімізді жүзеге асыруға ықпал ететін бай тәжірибесі мен білімі бар көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері кіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар