Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктің бір бөлігі теміржолға ауыстырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктің бір бөлігі теміржолға ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

«Қазір әлем елдері жүктерді контейнер арқылы тасымалдауға қарқынды көшуде. Аталған бағытты іске асыру үшін мнистрлік «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп тасымал нарығына мұқият талдау жүргізді. Экспорттық жүктерді контейнерлеудің болжамды көлемі және контейнерлерге қажеттілік айқындалды. Бастапқы кезеңде 2 млн тонна жүкті контейнерлендіру жоспарланып отыр. Қытаймен шекарадағы карантиндік шектеулерге байланысты еліміздің негізгі кәсіпорындары - АрселорМиттал, ERG, Қазмырыш, Қазхром, Қазминералс және YDD өз жүктерін контейнерлеуге қызығушылық білдірді», -деді министр.

Оның айтуына қарағанда, «Қазақстан темір жолы», Исткомтранс және Fesco көлік компаниялары контейнерлік парк құру мәселесін қарастыруда.

«Сериялық өндірісті 2022 жылдың желтоқсанында жүзеге асырып, жылына 10 мың контейнерге дейін өндіру жоспарланып отыр. Мәселен, «Қазақстан Инжиниринг», KLMZ «Мэйкер», SMP Group және FESCO отандық зауыттары базасында 20 және 40 футтық контейнерлер, сондай-ақ рулонды болат пен кен жүктеріне арналған контейнерлер өндірісін жолға қою жұмысы жүргізілуде.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» отандық контейнерлерді өндірушілер мен сатып алушылар үшін жеңілдікпен кредит беру тетігін іске қосады.

Жалпы, 22 млн. тонна экспорттық жүкті, контейнерлерге қайта бағдарлау көзделуде. Бұл, өз кезегінде қосымша 117 мыңға жуық контейнерді қажет етеді.

Отандық өндірісті жолға қою, контейнерлердің жеткілікті паркін қалыптастыруға, тасымалдарды контейнерлеу үлесін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар