Қазақстан арқылы Ресейге есірткі жөнелтіп келген қылмыстық топ құрықталды - ҚР ҰҚК

АСТАНА. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қырғызстан мен Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге есірткі жөнелтіп келген қылмыстық топтың басшысы мен белсенді мүшелері ұсталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ҰҚК Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Герман Диденко мәлімдеді,

Қазақстан арқылы Ресейге есірткі жөнелтіп келген қылмыстық топ құрықталды - ҚР ҰҚК

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардан 42 килә героин алынды.

Басқарма бастығының сөзіне қарағанда, комитет қызметкерлері наша бизнесінен түскен ақшаны заңдастыру фактілерін назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, топ жетекшісінің зайыбына тіркелген фирманы тексеру барысында 39 млн. теңгеден астам міндетті салықты төлемеу оқиғасы анықталған. Енді бұл фактіде қылмыстық жолмен келген ақшаның қатыстылығы тексерілмек.

«ҰҚК қызметкерлері кәсіпкерлік қызметке, қымбат көліктер мен Оңтүстік Қазақстан облысында жылжымайтын мүлік сатып алу жолымен қылмыстық ақшаларды жария ету фактілерін тіркеп, хаттамалады», деді басқарма бастығы.