Қазақстан - Армения футбол матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 қазанда «Астана Арена» стадионында өтетін Қазақстан - Армения командалары арасындағы футбол матчының жанкүйелеріне арнайы автобустар бөлінеді. деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің медиа орталығына сілтеме жасап.

Қазақстан - Армения футбол матчының жанкүйерлері үшін арнайы автобустар бөлінеді

«Ойынды көремін деушілер «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы», «Астаналық цирк» тұрақтарынан сағат 20: 00-ден 21:00-ге дейін жиналады.

Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.