Қазақстан армиясы жаңа әмбебап мобильді байланыс кешенін сынақтан өткізді

Іс жүзінде тиімділігін көрсеткен су жаңа техника, яғни, әмбебап мобильді байланыс кешенінің мүмкіндіктері кеңінен қолданылды. Кешенді жаттықтыру жоспары бойынша командалық пунктінің байланыс торабы өрістетілді.
Жауынгерлік бекеттерде дәл уақытымен ашық және қорғалған режімдерде баламалы және сандық байланыс арналары ашылды және қамтамасыз етілді. Байланысшылар қолбасшылық жүктеген барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындады. Жаттықтыру барысында жаңа байланыс құралдарын пайдалану мәселелерінде жоғары кәсіпқойлық, машық пен керемет білімдерін паш еткен бірқатар әскери қызметшілер, олардың қатарында аппараттың бастықтары, маман-радиотелеграфшылар жақсы жағынан атап өтілді. Байланыс бойынша кешенді жаттықтыру Қарулы күштерде жоспарлы негізде өткізілуде. Ұқсас жаттықтырулар «Батыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында өтті.
Тәжірибелік сабақтардың арқасында байланыс әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жеке құрамы бүгінде байланыс әскерлері жабдықталып жатқан заманауи әскери техника үлгілерін қолдана отырып, далалық және стационарлық байланыс тораптары арасындағы үйлесімділік пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім қорын молайтты.
Айта кетерлігі, байланысшылар Қарулы күштерді тұрақты және үздіксіз байланыспен қамтамасыз етеді. Олардың жұмысынан жауынгерлік құралдарды қолдану жеделдігі мен уақтылылығы, тіпті, әскери операцияның аяқталуы байланысты болып келеді.