Қазақстан армиясының әскери қабілеті жыл өткен сайын артып келеді - Елбасы

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан армиясының әскери қабілеті жыл өткен сайын артып келеді.
None
None

Бүгін, мамырдың 7-сі Отан қорғаушы күні Ақордада бірқатар әскери қызметшіге жоғары әскери шендер мен арнаулы атақтарды тапсыру рәсімінде ҚР Президенті-ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның қазіргі армиясы жеңімпаз армияның (Кеңес Одағының-ред.) үздік әскери дәстүрін лайықты жалғастырушы болып табылады. Қазақстанның жоғары қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды басымдығы болып табылады. Осы маңызды міндетті орындау үшін мемлекет тарапынан армияны жабдықтауда, жеке құрамды қамтамысыз етуде, генералитетті және офицерлерді қолдауда, кадрларды даярлауда қыруар жұмыстар жасалуда. Сондықтан да, қазіргі таңда мемлекеттен бөлек армияны қалыптастыруда және үйретуде біздің армияның офицерлері мен генералдарының жоғары құрамы, мамандар маңызды рөл атқарады. Өткен оқу-жаттығулар біздің армияның әскери қабілетінің, біздің қызметтердің жабдықталуының артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып бүгінде Қарулы Күштердің басшылық құрамының үлкен тобы генералдық погондар алып отыр. Осылайша кәсіпқойлардың ерен еңбегін, алдыға қойған мақсатқа қол жеткізудегі табандылығын, қажырлығын, қызметін өтеудегі табыстарын Отаны жоғары бағалауда», деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамының Қазақстан армиясының әскери шеберлігін жақсарту ісіндегі еңбектерін жоғары бағалады. «Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде мен Сіздерді бұдан былай да барлық күш-жігерлеріңізді, білімдеріңізді және тәжірибелеріңізді елдің қорғаныс қабілетін жан-жақты дамытуға, Қазақстан армиясының жедел әскери дайындығын арттыруға жұмсауға шақырамын», деді Президент.

Сонымен қатар, Елбасы біздің елдің барлық құқық қорғау органдарының Отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметін жоғары бағалады. «Мемлекет біздің Қарулы Күштерімізді, құқық қорғау жүйесін нығайтуға жыл сайын көп көңіл бөліп келеді. Әскерге қару-жарақтың, әскери техниканың заманауи үлгілері келіп түсуін жалғастыруда, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Бұл шаралар тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің дайындалған, Отанға берілген заманауи кәсіби армия ретіндегі одан әрі қалыптасуына ықпал ететіндігіне сенімдімін», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар