Қазақстан армиясының идеологтары

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы күштерінің тәрбиелеу құрылымдарының офицерлері бүгін командирдің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 17 жылдығын атап өтуде.

Қазақстан   армиясының  идеологтары

Аталмыш қызмет Қазақстан Президентінің 1993 жылы қаңтардың 19-ындағы Жарлығымен құрылған болатын, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.

«Тәрбиеші-офицердің басты мақсаты - адамдармен жұмыс істеу. Олар қолына қару ұстаған сарбаздың адамдық тұлғасын көре білуі, оны түсінуі және онымен сенімді қарым-қатынас орната білуі керек. Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық ахуалы да, қазақстандық патриотизмнің өсуі де тәрбиеші-офицерге байланысты»,- дейді Қорғаныс министрлігі Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы Қайрат Мыңжанов.

Кеңес армиясында бұл офицерлер әр жылдары әр түрлі аталып келді. Олар - комиссарлар, политруктер, замполиттер, тәрбиешілер деп аталды. Бірақ олардың негізгі жұмыстары: Отан қорғау үшін қажетті жауынгерлік рухты нығайту, әскери қызметкерлерді тәрбиелеу, жауынгерлердің бойында моральдық және жауынгерлік қасиеттерін қалыптастару және әскери тәртіпті қатайту болды.