«Қазақстан» арнасында EURO-2016 жеребе тарту рәсімі көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсан күні сағат 23.00-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде Парижде өтетін 2016 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі көрсетіледі. Трансляция 13 желтоқсан күні сағат 10.25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Бұл күні Еуропа чемпионатына қатысатын командалардың болашақ қарсыластары анықталады. 15-ші Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Финалдық турнирде алғаш рет 24 команда ойнайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сонымен қатар, турнир жайлы «Road to France» 15 арнайы жобасы көрсетіледі. Аталмыш 15 фильмнің үшеуі - корпорацияның өз өнімі болады.

Еуропа чемпионаты тақырыбы «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарындағы «Таңшолпан», «Бүгін жексенбі», «Sport.kz» бағдарламалары және басқа жобалары аясында қамтылмақ. Бірінші рет аталмыш шара корпорацияның 14 аймақтық арналарында кең көлемдегі ақпараттық сүйемелдеуге ие болады.

Соңғы жаңалықтар