«Қазақстан» арнасының үздiк тележурналистерi анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 желтоқсанда «Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизилиялық маусымының «Жыл таңдауы» конкурсының жеңімпаздарын атады. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанада «Хилтон» қонақүйiнде өтті.
«ТНС Централ Азия» компаниясының зерттеуі негізінде 16 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Үздік актриса» - Жұлдыз Маханова (Сырғалым); «Үздік актер» - Азамат Сатыбалды (Қара шаңырақ); «Үздік телехикая» - «Сырғалым», «Көркемфильм», продюсері - Илхам Джалилов; «Телехикаяға арналған үздік саундтрек» - «Көк тарландары», «MG Production» - кинокомпаниясы; «Үздік тележүргізуші» - «Айтуға оңай» бағдарламасының продюсері және жүргізушісі - Бейсен Құранбек; «Үздік портреттік - публицистиқалык деректi фильм» - «Келбет», продюсері - Жаныл Асылбекова; «Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» - «Жаңалықтар», АБД Бас редакторы - Құрманбек Қазанбасов; «Үздік қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ток-шоу» - «Әйел бақыты», Жүргізушісі -Ләйлә Сұлтанқызы; «Үздік мәдени-тарихи бағдарлама» - «Менің Қазақстаным», продюсері - Элла Андреевна Цой, «Үздік қоғамдық-танымды бағдарлама» - «Сенбілік таң», Жоба жетекшісі және жүргізушісі - Гүлмира Дайрабай, «Үздік музыкалық - ойын-сауық бағдарлама» - «Әзіл Әлемі», жоба жетекшісі және жүргізушісі - Тұрсынбек Қабатов, «Үздік кешкі жоба» - «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев», жоба жетекшісі және жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев.
Сонымен қатар, «Үздік бейнеролик» - «Vito cinema» ЖШС бас директоры Жеңіс Тұматаев, «Үздік радио жоба» - «Радио России» директоры Вячеслав Владленович Умановский, «Қазақ радиосының» директоры Махат Садық, «Үздік спорт комментаторы» - Ермек Төрениязов, «Балаларға арналған үздік бағдарлама» - «Балапан және оның достары», «Ырысы ақ Қазақстан» үздiк деп танылды.
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді.