15:31, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстан әртістік жүзуден Канадада өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады
АСТАНА. KAZINFORM – Канаданың Маркхэм қаласында әртістік жүзуден әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл додада ел намысын 18 спортшы қорғайды. Канадада Эдуард Ким, Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Полина Мерзлякова, Арина Пушкина, Алдияр Рамазанов, Анна Павлецова, Арина Мясникова, Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Карина Магрупова, Артур Майданов, Валерия Столбунова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова және Жәния Жиенғазы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем кубогы 1-3 мамыр аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бүгін, 30 сәуірде UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы екінші ойын өтеді.