«Қазақстан аруы-2015» Әлия Мергенбаева Алматыда өтетін халқаралық сән көрмесінің қонағы болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Атакент» көрме кешенінде 10-12 наурыз аралығында «Central Asia Fashion Spring 2016» XVII халқаралық сән көрмесі өтеді.

«Қазақстан аруы-2015» Әлия Мергенбаева Алматыда өтетін халқаралық сән көрмесінің қонағы болады

4500 шаршы метр аумақтағы жәрмеңкеге әлемнің 16 елінен 150 ірі бренд иелері өз өнімдерін ұсынады.

Биылғы көрменің арнайы қонағы «Қазақстан аруы-2015» Әлия Мергенбаева болады.

Алғаш рет көрме тарихында Париждегі CARLIN International Groupe бюросы қатысатын болады. Ресми бөлімде жақын арадағы сән әлеміндегі жаңа трендтер, мата түрлері, сатып алушылардың көңіл-күйі талқыланбақ.