«Қазақстан аруы-2015» атануға 1300-ден астам бойжеткен үміткер

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан аруы» байқауының ресми сайтында қатысушылардың тіркелуі аяқталды.
None
None

Елдің бас тәжіне бүкіл Қазақстаннан 1 386 сұлу бойжеткен үміткер болып отыр. Өтінімдердің саны жағынан алматылық сұлулар көш бастап тұр - ол жақтан 408 сауалнама келіп түскен. Екінші орында - Астана өкілдері (233), үшінші орында - Қарағанды бойжеткендері (137), деп хабарлайды misskazakhstan.kz. 20 қарашада байқауға қатысушылар елордада жиналып, 3 апта бойы Ұлттық финалға дайындық жүргізеді. Қалада олар үшін «Сұлулық - мейірімділікте!» ұранымен көптеген әлеуметтік, спорттық, қайырымдылық шаралар жоспарланған. Ең жарқын шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Онда көрермендерді отандық дизайнерлер және әртістердің қатысуымен әсерлі шоу күтіп отыр. Қазақстанның ең әдемі бойжеткені кім болғаны 10 желтоқсанда тікелей көрсетілім кезінде белгілі болады. Байқаудың жаңа форматына сәйкес, елдің бірінші сұлуын қазақстандықтар онлайн, СМС арқылы дауыс беру жолымен таңдайды.

Соңғы жаңалықтар