03:30, 26 Қараша 2015 | GMT +5
«Қазақстан аруы-2015» финалистері «Астана»-«Бенфика» матчында жанкүйер болды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» ФК-ның португалиялық «Бенфика»-мен Чемпиондар лигасының бесінші турында кездесуін 15 089 көрермен тамашалады. Олардың ішінде «Қазақстан аруы-2015» ақтық байқауына қатысу үшін ел астанасына өңірлерден келген арулар да болды.

«Қазақстан аруы-2015» аймақтық байқауларының қатысушылары ғаламтордағы аккаунттарына матчта түскен фотосуреттерін салуда.
«Мен футбол матчын алғаш рет тамашаладым. «Астана» мен «Бенфика» ойыны тең түсті (2:2)», - деп жазады Инстаграмда тараздық байқау қатысушысы Камилла Жиренбаева. «Маған бұл ойын сондай ұнады, ойын кезінде көп эмоциялар сезіндім», - деп жазады «Павлодар аруы-2015» Мәдина Бейсембаева. «Мачтан соң, қыздар, футболды ұнатып кеттік», - дейді «Ақтау аруы» Джейран Дурсунова. Еске салайық, 10 желтоқсанда Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар мен көрермендер Қазақстанның ең сұлу аруын таңдайтын байқауға қызу дайындық жүріп жатыр. «Қазақстан аруы-2015» атануға өңірлерден келген 30 бойжеткен үміткер.