«Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазына танымал қазақ дизайнерінің қолымен жасалған қыз жасауы тарту етілмек

Айта кетейік, байқау Астанада 10 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Қазақтың дәстүрлі қыз жасауы «Алтын орда» авторлық дизайн үйі шеберлерінің қолымен жасалған. Салтанатты жиынтыққа «Махаббат көрпесі», сандықтар, «Бедерлі өрнектер» шал жастығы, қолдан тігілген жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан кіреді. Осының барлығын ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтып отырған этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада жасап отыр.
«Неге біз осындай сыйлық жасадық?! «Қазақстан Аруы» байқауына қатысқан қыздарды қарайтын болсақ, барлық уақыттарда да оған аз қамтылған көпбалалы отбасылардың балалары көп қатысады. Бір қазақ қызының жеңімпаз атануы арқылы, тұтас бір отбасының өмірін өзгерткіміз келді. Себебі, қалай атасақ та, 5 миллион теңге кәсіпкерлікті ашуға, туған-туыстарға көмектесуге, армандарды орындауға жетерлік сома емес пе», - деді А. Ривлина-Кырбасова тілшілерге берген сұхбатында.
Ұйымдастырушының айтуынша, қыздар осылайша өз жолдарын табуы ықтимал.
«Біз биыл «Қазақстан Аруына» қыз жасауын алғаш рет бермекпіз. Аналардың барлығы өз қызына жасау жинайды. Осы арқылы біз бүтін бір отбасын қолдап жібергіміз келді. Байқаудың арқасында бір қыздың жасауы дайын болады», - деп атап өтті ол.