Қазақстан аруы аутизмге шалдыққан балалардың балына қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан аруы Әлия Мергенбаева аутизмге шалдыққан балалардың балына қатысады. Бұл туралы «Милосердие» қайырымдылық қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
Жеткіншектердің көктемгі балы ертең аутист балалардың ата-аналары қауымдастығында өтеді.
Мәдени шарада балалар өздерінің өнерлерін көрсетеді. Қонақ ретінде скрипкашы Жәмилә Серкебаева мен әнші Айқын Төлепберген қатысады.
2013 жылдан бері «Аутизмді жеңеміз» жобасын «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландырып келеді. Осының арқасында 2000 жуық баланың отбасы кеңес алды. Жүргізілген жұмыстың арқасында 17 балаға қойылған «аутизм» диагнозы алынып тасталды.
2015 жылы жобаны «Қазақстан аруы» конкурсының ұйымдастыру комитеті қолдап, байқаудан түскен 2,5 млн теңгені науқас балаларды қолдау қорына аударды.