Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялармен ота жасайтын әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кірді

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта алғаш рет жасанды жүректі имплантациялау бойынша бірегей технология енгізілді,

Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялармен ота жасайтын әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кірді

деп хабарлады pm.kz сайты аталған орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2011 жылы соңғы буынның Heart Ware құрылғысы іске қосылды. Соның арқасында Қазақстан ашық жүрекке бірегей жоғары технологиялармен ота жасайтын әлемнің ең дамыған 22 елінің қатарына кірді», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні Орталықта қан айналымының 7 түрлі көмекші құрылғысы енгізілді. Ағымдағы жылы Орталық осыған ұқсас 30 аппараты іске қосуды көздеуде.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық Ұлттық медициналық холдингтің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта клиника Орталық Азия өңіріндегі жетекші медициналық мекемеге айналып отыр.

Айта кетейік, 2011 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Орталықта 2 мыңнан астам науқас емделді. Сонымен қатар 1 мыңнан астам, оның ішінде 300 баланың туа біткен жүрек ақауына ота жасалды.