Қазақстан - әскери-кәсіби шеберлік халықаралық байқауларын өткізуге басты үміткер - ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы

Биыл бұл жарыстарға ТМД елдерінен жеті ел өкілі қатысты. Оның ішінде Қазақстан да бар. Әр командада төрт сарбаздан болды (үш жігіт пен бір қыз).
Байқау 30 қыркүйек күні басталды. Бұл күндері жауынгерлер қатаң сынға түсіп, әскери жаттығуларды барынша жоғары деңгейде орындады. Негізінен жарыстар әскери дайындық, қару ату және спорт түрлері бойынша өтті.
Жарыстың жабылу салтанатына қатысқан ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Александр Синайский Достастық елдерінің қарулы күштерінің арасында жарыс шараларын өткізіп тұру әскери қызметкерлердің кәсіби шеберлігінің өсуіне ғана септесіп қоймай, тек бас қолбасшылар ғана емес, сонымен бірге сарбаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті.
«Бұл байқаулар елдеріміздің арасында қалыптасқан достықты одан әрі нығайтуға бағытталған. Біз тағы бір рет әскери шеберліктің қарумен байланысты екеніне көз жеткіздік, - деді ол. - Қазақстан барлық шараларға, командалық-штабтық дайындықтарға, байқауларға белсенді қатысады. Сонымен бірге Қазақстан - келесі халықаралық байқауды өткізуге басты үміткер».
Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және кәдесыйлармен марапатталды.