Қазақстан әскери күштеріне автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан әскери күштеріне автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ)енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы күштерінің Ақпараттандыру және байланыс Бас басқармасының бастығы Амандос Сұраншиев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу жаңа үрдістердің талабына сәйкес енгізілуде. Осыған байланысты әскери дайындық институттарында осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда», - деді ол. А. Сұраншиевтің сөзіне қарағанда, АБЖ технологияларын енгізуге байланысты АҚШ, Франция, Түркия, Ресей елдерінде орныққан осындай жүйенің тәжірибесі қаралған және оны 2014 жылға дейін аяқтау жоспарланған.Автоматтандырылған басқару жүйесімен еліміздің бітімгерлік батальоны жабдықталған. Сонымен қатар биылғы жылы АБЖ технологиясын енгізу бойынша ілкі жобалар жүзеге асырылмақ.
Соңғы жаңалықтар