Қазақстан әскері полиатлоннан әлем чемпионы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Могилёв қаласында пневматикалық винтовкадан оқ ату, спринт, граната лақтыру, суда жүзу және жүгіру бойынша жазғы полиатлоннан әлем чемпионы аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстан әскері полиатлоннан әлем чемпионы болды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚМ Әскерінің орталық спорт клубының спортшысы Әнуар Қозыбаев жарыстың абсолютті біріншілігінің әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қатардағы армиялық атлетші Артур Бальзам әлем чемпионы болды. Қазақстандық атлетшілерден басқа әлем біріншілігіне әлемнің он елінен келген 150 спортшы қатысты.