Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің кемелері Каспийде оқу-жаттығу міндеттерін орындауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» және «Сарыарқа» ракеталық-артиллериялық кемелері теңізге шықты. Теңізде жүзу 5 күнге созылады.

Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің кемелері Каспийде оқу-жаттығу міндеттерін орындауда

Бұл уақыт аралығында әскери теңізшілер судың тереңдігіне қарай күндізгі және түнгі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу шеберлігін шыңдап, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумағын жағалай әскери кемемен жүзіп өтуді орындайды. Бұл уақыт аралығында әскери теңізшілер судың тереңдігіне қарай күндізгі және түнгі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу шеберлігін шыңдап, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аумағын жағалай әскери кемемен жүзіп өтуді орындайды. Қазақстан Әскери-теңіз Күштерінің әрбір кемесі теңізге шығу аясында 901,6 теңіздік миль (шамамен 1700 километр) бағытында жүзіп өтеді.

ҚР ҚК Әскери-теңіз Күштері қолбасшысы басқармасының мәліметінше, аталған оқу-жаттығу Қазақстанның ӘТК әскери даярлық бағдарламасында ұдайы қарастырылған. Ол тұрақты әскери дайындықты қолдауға және әскерилердің теңіздегі дағдыларын арттыруға арналған. Оның аясында теңізшілер Каспий теңізінің қазақстандық аумағындағы судың асты-үстіндегі ахуалды зерттейді.

Сондай-ақ, жағалауға жақын жүзу, навигациялық қауіптерді еңсеру, 30-40 метрге якорь тастау, әскери кеменің қару-жарағынан артиллериялық оқ атуды орындайды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Әскери-теңіз Күштері миналық-көліктер, әскери ракеталық-артиллериялық кемелермен қамтылған. 2020 жылға дейін кезең бойынша дамыту жоспарына сәйкес Әскери-теңіз Күштерін қосымша заманауи кемелер мен көмекші қайықтармен жарақтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.