Қазақстан әскери жоғары оқу орындарының 600-ден астам курсанты әскери ант қабылдады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы және Ақтөбедегі ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары орындарында жас толықтыруды әскери антқа келтіру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Өздерінің тума-туысқандары, командирлері мен курстастары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің алдында 603 курсант серт берді. Оның 340-ы Құрлық әскері Әскери институты тыңдаушыларының қатарын толықтырды. Жоғары оқу орны үшін бұл алдыңғы жылдар ішіндегі ең үлкен іріктеу болды. 156 бозбала биылғы жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсті. Тағы 107 адам Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери инстиутының курсанттары атанды. 2014-2015 оқу жылында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 207 адам тәмамдағанын айта кеткен жөн. 4-уі білімімен алтын медальға ие болды, 13 түлек үздік дилом алды. Құрлық әскерлерінің Әскери институты 368 офицерді шығарды, олардың ішінде 18 курсант Қырғыз Республикасы және 8 курсант Тәжікстан Республикасынан. Ал Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері осы жылдың күзінде жоғары оқу орнын аяқтайды.