12:27, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қазақстан әскерилері оқу-жаттығу кезінде шартты террористік топтың көзін жойды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-17 қаңтар аралығында Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасында жауынгерлік және жедел даярлық жоспарына сәйкес генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен бірлескен штабтық жаттығу өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«Бірлескен штабтық жаттығудың жоспары бойынша шартты мемлекеттің аумағына босқындар түрінде экстремистік, террористік және сепаратистік ұйымдардың топтары еніп кетеді. Жаттығу барысында әскери қызметшілер заңсыз қарулы құрылымды оқшаулап, оны жойды және басып кіруге тойтарыс берді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Өңірлік қолбасшылықтар штабтарының қатысуымен өткізіліп отырған жаттығудың өзектілігінің қазіргі заманғы геосаяси өзгерістерге негізделіп отырғанын атап өткен жөн.