Қазақстан әскерилері үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылады - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылдан бастап әскерилерлер үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылады. Бұл туралы Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтіп жатқан мерекелік концерттің алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
«Жауынгерлеріміздің әлеуметтік тұрмысын мемлекет толық қамтамасыз етеді. Биыл біздің жауынгерлерімізге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылмақ. Таяу жылдарда оны шешетін боламыз, яғни бұл бағдарлама сарбаздарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін алдағы 4-5 жылда шешеді», - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметкерлердің жалақысы да көтерілетінін атап өтті.
«Әскерлеріміздің қызметтерін алаңсыз атқару үшін мемлекет барлығын өз тарапынан жасап отырғанын көріп отырсыздар», - деп атап өтті Елбасы.