Қазақстан әскерлерді құнарлығы мол тағаммен қамтамасыз етуде алда келеді

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Осы жуырда сарбаздар тамақтарының мә­зір­лері өзгерді. Атап айтқанда, бұрынғы тағамдардың мөл­шеріне қосымша ет, тауық еті, айран, бал, са­рым­сақ, болгар бұрышы және көкшөп қо­сыл­ды.
None
None

Сөйтіп, күнделікті тағамдарының құн­ды­лығы жоғарылап, көрші ресейліктердікімен са­лыс­тырғанда 476 ккал-ға артты, яғни қазір 4850 ккал-ны құ­райды. 1990 жылдары әскер­лер­ді қажетті азық-түлікпен қамту жағы өте төмен болған екен. Жыл­дан-жылға артып, қазір қажетті мөлшерге жет­кен. Айта кетейік, АҚШ әс­керлері тамақ­тары­ның энергетикалық құн­ды­лығы - 4255, Германия Қарулы Күштерінікі 3950 ккал-ды құрайды. Қазіргі кезде еліміздің Қарулы Күштерінде Отан алдында борышын өтеп жүргендердің құрғақ паектарының құрамына құрт, кепкен өрік, мейіз қосу арқылы жетілдіру мәселесі талқыланып жат­қан көрінеді. Жалпы айтсақ, «Қазақ тағам­тану академиясының» ара­ласуымен әскери та­ғам­дарды халықаралық та­лапқа сай байыту қол­ға алынған. Мұндай жаңа норма 2014 жылдың бас шенінде енгізілетін болады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Соңғы жаңалықтар