Қазақстан AstraZeneca вакцинасын жеткізу бойынша келіссөздерді тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев AstraZeneca вакцинасын Қазақстанға жеткізу мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, AstraZeneca вакцинасы бойынша басқа елдерде кемшіліктер мен күмән анықтала бастағандықтан, оны жеткізу бойынша келіссөздер тоқтатылған.
«Біз коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын барлық елдермен келіссөздер жүргізіп жатқанымызды айттық. AstraZeneca вакцинасын жеткізу бойынша да келіссөздер жүргізілді. Содан кейін уақытша тоқтадық, бірақ қазір келіссөздерді қайта бастауға, клиникалық зерттеулердің нәтижелерін көруге дайынбыз, өйткені бізде бұл вакцинаға қызығушылық бар. Бірақ бұл келісімге қол қойылды және күні ертең AstraZeneca біздің елде болады дегенді білдірмейді. Бұл әңгіме барлық нәтижелерді зерттеп, мұқият тексергеннен кейін ғана басталады», - деді Ержан Байтанаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасын жеткізу мен сақтау жұмыстары қалай жүретінін түсіндірген еді.