Қазақстан Атыраудағы мұнай-химия кешенінің құрылысы бойынша оңтүстік кореялық компаниялармен келіссөздердің табысты аяқталатынына үмітті

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Атыраудағы мұнай-химия кешенінің құрылысы бойынша оңтүстік кореялық компаниялармен келіссөздерді табысты аяқталатынына үмітті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз Атыраудағы мұнай-химия кешенінің құрылысы, вагондарды жасау және Хюндай компаниясының вагондарын метроға жеткізу бойынша келіссөздерді табысты аяқтаймыз деп ойламын», - деді бүгін Ақордада Корея Президенті Ли Мён Бакпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында полиэтилен және полипропилен шығаратын мұнай-химия кешенінің құрылысы қолға алынып жатыр. Жуырда Үкімет отырысында Самұрық- Қазына» қорының Басқарушы директоры Айдан Кәрібжанов «Самұрық-Қазына» қоры Оңтүстік Кореяның "LG chemicol" компаниясымен осы зауыттың құрылысына қатысты келіссөздер жүргізіп жатқанын атап көрсеткен болатын. «Олар бұл жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар бірнеше кореялық қаржы институттары, оның ішінде «Эксим банк Корея» 1,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі жобаларды қаржыландыруға ниет білдіруде», - деген еді А. Кәрібжанов.
Соңғы жаңалықтар