10:54, 27 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстан әуежайлары Боинг ұшақтарының жаңа үлгілерін қабылдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінде Боинг компаниясының өкілі Ричард Вайсвиламен (Richard Vaisvila) кездесу өтіп, жаңа үлгідегі Боинг 777-8/-9 ұшақтарына Қазақстан жерінде қызмет көрсету мәселесі талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе кемелерінің бұл түрінің басты ерекшелігі - ұшақ әуежайға қонған сәттен кейін қанатының конфигурациясын өзгерту мүмкіндігі бар, яғни әуе кемесінің қанатының бір бөлігі жиырыла алады.
Боинг 777 сериялы ұшақтар жетекші әуе кемелері екенін атап өткен жөн. Боинг компаниясы өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта ұшақтың жаңа үлгісі сынақтан өтуде және алдағы 2-3 жылда әуе кемесін кеңінен пайдалану басталмақ.