Қазақстан Ауғанстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады - ҚР Президенті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ауғанстанның тұрақты, қауіпсіз және болжанған ел болуын және оның орнықты экономикалық дамуын жақтайды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессиясында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Қазақстан Ауғанстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады - ҚР Президенті

«Қазақстан Ауғанстанның тұрақты, қауіпсіз және болжанған ел болуын және оның орнықты экономикалық дамуын жақтайды. Біз жыл сайын азық-түлік, отын, дәрі-дәрмектер жеткізе, ауған жастарын қазақстандық оқу орындарында мамандықтарға оқыта отырып, Кабулға техникалық, гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырамыз. Қазіргі кезде 140 адам оқудан өтті, 730-ы оқуын жалғастыруда», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті Орталықазиялық аймақ қауіпсіздігі жағдайына Ауғанстандағы жағдай елеулі ықпал ететінін атап көрсетті.

«Осы елдің солтүстігінде, яғни, бізге - Орталық Азияға жақын жерде содырлар әрекетінің жандануы айрықша алаңдаушылық туғызып отыр. Аймақтық қауіпсіздікке тәуекелдерге, қатерлер мен қауіптерге, соның ішінде ауған аумағынан шығатын ығыттарға бара-бар үн қату үшін біздің елдеріміздің екіжақты негізде және ҰҚШҰ-ны қоса алғанда халықаралық ұйымдар ауқымында бірлескен күш-жігерін арттыру түсу қажет», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік экономиканың күрделі жағдайына қарамастан Қазақстан алдағы уакқытта да өзінің одақтастарына көмектесетін болады, деп мәлімдеді.

«Тәжікстан лаңкестік, экстремизм, есірткі құралдарының заңсыцз айналымы таралуымен күрестің алдыңғы шебінде тұрғанын ескеру қажет. Ағымдағы жылдың өзінде біз бауырлас елге 2,7 млн. АҚШ доллары көлемінде азық-түлік пен құрылыс материалдарын жөнелттік, биылғы жылы осы көлемде басқа да шаралар жоспарланып отыр», - деді Н.Назарбаев.