Қазақстан ауыл шаруашылығында қанша су тұтынып отыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауыл шаруашылығы мақсатында тұтынылатын судың жылдық көлемін атады, деп хабарлайды Kazinform.

су тапшылығы
Фото: freepik.com

«Жалпы бір жылдың ішінде 100 текше шақырым немесе 100 млрд текше метр су пайда болады. Соның 55 пайызы Қазақстанның аумағында қалыптасады. Сол судың 25 пайызын өзіміз пайдаланамыз. Оның ішінде ауыл шаруашылығында 15 текше шақырым, өндіріс мекемелерінде 5-6 текше шақырым пайдаланылады», – деді министр БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Сондай-ақ ол өзі басқаратын жаңа министрлік жерасты суларын игеруге басымдық беретінін атады.

«Бүгінгі таңда жер астында 15 текше шақырым су бар екенін дәлелденген. Сондықтан, осы сандарға сүйеніп су бар деп айтуға болады. Бірақ әсіресе жер астындағы суды пайдалану мәселесі министрліктің негізгі бағыттарының бірі болады. Оны қалай пайдаланатынымызды қарастырып жатырмыз», – деді Нұржан Нұржігітов.