Қазақстан аумағына 70 тонна бидайды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ресеймен шекарадағы Шарбақты стансасында 70 тонна азықтық бидайды ел нарығына өткізбек болған жүк алушы ұсталды. Кінәлі тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге айыппұл арқалады.

заңсыз астық
Фото:Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы

Агронеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының бөлімшесі шекара қызметі мамандарымен бірлесе отырып, жүк айналымын тұрақты бақылау үстінде. 

- Инспекторлар шекарашылармен бірге Ресей Федерациясынан ҚР аумағына ауыл шаруашылығы өнімін заңсыз тасымалдақ болған жүк алушыны анықтады. «JFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС Шарбақты стансасында темір жол вагоны арқылы 70 тонна азықтық бидайды бері алып өтпекші болған. Ауыл шаруашылығы министрінің тамыз айындағы бұйрығына сәйкес, сырттан бидай әкелуге тыйым салынған,-дейді Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Арман Шүйкенов.

Шарбақты аудандық соты жүк алушыны «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 400-бабы 2-бөлімінің 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, 369 200 теңге көлемде айыппұл салды.

Аумақтық инспекция тиелген 70 тонна бидай өнімін темір жол вагонымен Ресей Федерациясындағы жүк жөнелтушіге қайтарды.

Соңғы жаңалықтар