Қазақстан аумағы арқылы рұқсат құжатынсыз жүрген шетелдік жүргізушілерге жауапкершілік күшейтілді

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы рұқсат құжатынсыз автомобиль көлігімен халықаралық тасымалды жүзеге асырған шетелдік тасымалдаушылар мен шетелдік заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР ККМ баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Ендігі жерде автокөлік құралдарының жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі 25 АЕК, ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі -500 айлық есептік көрсеткішті құрамақ. Сәйкес өзгертулер «Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі» Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізіліп отыр ( бап 447-2). Бұрын айыппұл көлемі 10-нан 25 АЕК құраған еді.

Аталған норманы енгізу барысында әлемдік тәжірибе ескерілді. Мысалы, Польша мен Венгрияда арнайы рұқсат құжатынсыз автомобиль көлігімен халықаралық тасымалды жүзеге асырғаны үшін салынатын айыппұл көлемі 500 мың теңгеге, ал Ресей мен Францияда 2 миллион теңгеге дейін.

2012 жылы көліктік бақылау органдары 972 шетелдік тасымалдаушының көлік заңнамасын бұзғанын анықтасаса, 2013 жылдың бес айы ішінде аталған заңнаманы бұзушы шетелдік тасымалдаушылардың қатары 431 құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар