Қазақстан аумағына алкоголь өнімін әкелуге уақытша тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі 2014 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін әкелуге және өткізуге уақытша тыйым салды.
Осы шара Италия, Франция, Шотландия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және басқа елдері өндірісінің: таңбалауда он сегіз жасқа дейінгі жастағы адамдарға қолдануды шектеу туралы қарсы көрсетілімдерге дұрыс нұсқау берілмеу; таңбалау кезінде алкоголь өнімінің дайындаушысының немесе импорттаушының атауына, орналасқан орнына қатысты ақпараттың болмауы; мәтінінде мазмұнымен танысуға мүмкіндік болмайтын заттаңбасындағы зақымдалған таңбалау және нақты таңбаланбау, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы немесе толық болмауы бөлігінде Кеден одағының техникалық талаптарымен белгіленген талаптар және ұлттық заңнама талаптары бұзылып өткізілетін алкоголь өнімінің Қазақстан Республикасының тұтынушылық нарығындағы айналымының көптеген факторлары анықталуына байланысты қабылданды.