Қазақстан аумағынан ұрланған 14 автокөліктің тұрағы анықталды - ІІМ

АСТАНА.  Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат -   Ішкі істер министрлігінің    Қылмыстық полиция  комитеті  жедел-іздестіру  шараларының  барысында  шетелдік  қымбат    көліктерді  ұрлаумен  айналысып келген     трансұлттық   қылмыстық  топты  анықтады.
None
None

Министрліктің  баспасөз қызметінен  хабарлағандай,     Қазақстан  мен Тәжікстанның    ішкі істер министрліктері  бірлескен   арнайы  жедел-тергеу  тобы    Қазақстан  аумағынан, атап айтқанда  Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды  және  Атырау  қалаларынан  ұрланған    14  автокөлікті Тәжікстанның аумағынан тапты.      Аталған  көліктердің  ішінде  «Тойота», «Лексус», «Дженерал моторс» маркалы  9   джип  көлігі  мен    ресейлік   өндірістің   5 «Нива-Шевроле» көлігі бар.

 Қазіргі  таңда    тексеру-тергеу амалдары жүргізілуде.   Сондай-ақ,    халықаралық  келісімшартқа  сәйкес,   көліктерді заңды иелеріне  қайтару  мәселесі  де шешілуде.

Соңғы жаңалықтар