Қазақстан аумағында 2712 газет пен жұрнал, 250 электрондық БАҚ, 11 ақпарат агенттігі жұмыс істейді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференция барысында азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғауда БАҚ рөлі, журналистер мен биліктің ықпалдастығы, БАҚ қызметін құқықтық қорғаудағы проблемалар, мемлекеттік органдардағы баспасөз хатшыларының қызметі, жемқорлықпен күресті ақпараттық қолдау мәселелері сөз болды. Шараны ҚР Журналистер одағы, Экономика және құқық академиясы, «Frieedom hoose» қоғамдық ұйымы ұйымдастырды.
«Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында 2712 газет пен жұрнал, 250 электрондық БАҚ, 11 ақпарат агенттігі жұмыс істейді. «ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің негізгі мақсатарының бірі азаматтардың құқығын қорғау мен отандық БАҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Заңдылықтарды сақтауды қадағалау, ақпараттық кеңістікті ұлғайту, БАҚ-ын экономикалық және методологиялық қолдау. Сондай-ақ министрлік тарапынан мүмкіндігінше БАҚ-ының құқығын қорғау, азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтаудағы БАҚ рөлін күшейту бағытында айтарлықтай жұмыстар істелуде», дейді ҚР МАМ Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Лариса Броватая.
«Азаматтардың заңмен қарастырылған құқығы мен еркіндігі кез-келген елдің негізі болып табылады, ал азаматтарды қорғау мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Қазіргі кезде бізде мемлекетпен азаматтардың құқығын қорғау бағытында бірқатар шаралардың қарастырылғанына қарамастан, бұл саладағы жетістіктеріміз үлкен деп айта алмаймыз. Бұл бағыттағы негізгі кемшілік жемқорлықтың әсері болып отыр», дейді Экономика және құқық академиясының ректоры, профессор Серікжан Оспанов.