Қазақстан аумағында қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасындатып, жел күшейеді - 9 қаңтардағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы әлі де фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жауын-шашын, көбінде қар жаууы, тұман түсуі, көктайғақ болып, бұрқасын көтерілуі, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында     қар жауады,  тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасындатып, жел күшейеді - 9 қаңтардағы ауа райы болжамы

Ақмола облысында бұрқасындата соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын көтеріледі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ұйтқуы 23-28 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, желдің күші 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 23-28 м/с-қа жетеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасынды, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде желдің ұйтқуы 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындата соққан желдің күшеюі 15-20 м/с, ұйтқуы 25-28 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, күндіз ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді. Қостанай облысында бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең ұйтқуы 23 м/с-қа жетеді. Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейіп, түнде тұман түседі.