Қазақстан аумағында қатты ыстықтар сақталады

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат  - Қазақстан аумағында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-ның ескертуі күшінде қалуда.

Қазақстан аумағында қатты ыстықтар сақталады

Оған сәйкес, күндіз 13-15 шілде күндері Ақмола облысында күн +30+35 градусқа дейін ысиды деп күтілуде.

15,16,17 шілде күндері күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында ауа бағамы +33+39 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, жекелеген жерлерде ол +40+45 градусқа дейін жетеді.