Қазақстан аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ – Ерлан Қиясов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ – Ерлан Қиясов

«Қазақстанда коронавирустың циркуляциясы бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Қыркүйектен бастап қаңтарға дейінгі аралықта жүргізілген геномдық зерттеулердің нәтижесінде ел аумағында коронавирустың жаңа штамы, нақтырақ айтқанда британдық, оңтүстік-африкалық, бразилиялық штамдар анықталған жоқ. Наурыз айының соңында кезекті геномдық зерттеулер нәтижесі алынатын болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін ол соңғы аптаның ішінде елімізде коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 12 пайызға артқанын айтқан болатын.